Қытайдан Қазақстанға велосипедпен саяхаттап келген Бүрлен Әділетқызы “Отандастар қоры” КеАҚ басшылығымен кездесті

16 Тамыз 2024

⚜️Қоғам президенті Данияр Қадыров жылы шырайлы жүздесу барысында Бүрленнің “Бір белдеу, бір жол” жобасын насихаттау және екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды  көрсету мақсатында жасаған ізгі ниетті қадамдарына қолдау білдіріп, алдағы уақыттағы жоспарларына сәттілік тіледі. 

🖇️Естеріңізге сала кетейік, Қытайда туған қазақ қызы Бүрлен екі ел арасындағы ынтымақтастықты насихаттау мақсатында  велосипедпен 23 күнде 2 мың шақырым жол жүріп, Астанаға келген еді.

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

Қытайдан Қазақстанға велосипедпен саяхаттап келген Бүрлен Әділетқызы “Отандастар қоры” КеАҚ басшылығымен кездесті