«Отандастар қоры» КеАҚ басшысы Түркиялық серіктермен кездесті

02 Шілде 2024
  • Ү.ж. 1 шілдеде «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров Анкара қаласында Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқарма (YTB) басшысы Абдуллах Еренмен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) басшысы Серкан Каялармен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшы орынбасары Сайыт Юсуфпен кездесті.  
  •  
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиевтің қатысуымен өткен кездесулерде тараптар, «Отандастар Қоры» КеАҚ мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты тәжірибе алмасуға бағытталған стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
  •  
  • Түркиялық әріптес әрі бауырлас ұйым Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының (YTB) басшысы Абдуллах Ерен «Отандастар Қоры» КеАҚ президентін жаңа қызметімен құттықтады. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының (YTB) басшысы Абдуллах Ерен, диаспора бағытындағы байланыстарымыздың болашақта тек қарқынды дамып, екі ұйым үшін де оң нәтиже беретіндігіне сенім білдірді. 
  •  
  • «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның даму серпінін көріп отырған, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқарма (YTB), Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA), Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымдары бірлескен мәдени-гуманитарлық жобалар мен бастамаларды одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін айтты.

«Отандастар қоры» КеАҚ басшысы Түркиялық серіктермен кездесті