Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды
                            
                                
                                
                                                                        
                                                                     
                                
	- Сүйінші!
 
	-  
 
	- Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды.
 
	-  
 
	- Ақтауда қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты XXI Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Ресей және Ираннан келген 48 дарынды оқушы қатысты. Олар 14 марапатты өзара бөлісті: 6 қола, 5 күміс және 3 алтын медаль.
 
	-  
 
	- Жабылу салтанатында олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.
 
	-  
 
	- Алтын медаль және мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар:
 
	- 1. Мөлдір Нұрлан (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
 
	- 2. Диана Ордабекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
 
	- 3. Балжан Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып).
 
	-  
 
	- Күміс медаль алғандар:
 
	- 1. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып);
 
	- 2. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
 
	- 3. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
 
	- 4. Гүлсевар Сафаралиева (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып);
 
	- 5. Диляра Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 8-сынып).
 
	-  
 
	- Қола медаль иегерлері:
 
	- 1. Дарина Даушева (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
 
	- 2. Зара Кульмашова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
 
	- 3. Айдана Бинамбетова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);
 
	- 4. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);
 
	- 5. Елдос Сақов (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 10-сынып);
 
	- 6. Бақтығұл Амангылыжова (Түрікменстан, Гарабогаз, 11-сынып) — Маңғыстау облысының Yessenov University білім беру гранты.
 

	- Қосымша мемлекеттік білім беру гранттарына ие болған оқушылар:
 
	- 1. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;
 
	- 2. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;
 
	- 3. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;
 
	- 4. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты.
 
	-  
 
	- Олимп️иаданы ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы.
 
	-  
 
	- Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі