2024 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық жағдай

10 Мамыр 2024
  • 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 20 095 963 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 513 014, ауылдықтар – 7 582 949 адам. 3 айда халықтың жалпы өсімі 62 121 адамды құрады.
  •  
  • 2024 жылдың алғашқы үш айында 91,9 мың мың сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 33,4 мың адам болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 58,4 мың адамды құрады.
  •  
  • Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 25,10 адам), Түркістан (24,71) облыстарында және Шымкент қаласында (23,57) байқалды.
  •  
  • Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 12,05), Шығыс Қазақстан (11,98) және Қостанай облыстарында (10,51) тіркелді, бұл осы облыстардағы халықтың жас құрылымымен ерекшеленетін фактор.
  •  
  • Сондай-ақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 26,7 мың неке және 8,8 мың ажырасу тіркелген.

  • 2024 жылғы қантар-наурызда елге келгендер саны 7471 адамды, елден кеткендер саны 3785 адамды құрады. Осылайша оң көші- қон айырымы тіркелді – 3686 адам. 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 2,7% азайды, ал кеткендер саны 42,1% өсті.
  •  
  • Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 75,6%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 74,7% құрады.
  •  
  • 2023 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 2,2 есе өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (15390 адам), Алматы (9187 адам), Шымкент (3536 адам) қалаларында және Алматы обласында (168 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

 

Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық жағдай