Қазанда Абай орталығы ашылды

15 Мамыр 2024

Қазан федералдық университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институты базасында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы қатысты.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Қазан федералдық университетінің президенті Рияз Минзарипов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ардақ Бейсенбай, қазақ диаспорасының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, Татарстанның мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар Абай орталығы қазақ тілін оқыту және дәріптеу, мәдени байланыстарды нығайту, тарихымен, оның бастауларымен, заманауи жетістіктерімен және даму перспективаларымен танысу мақсатында құрылғанын атап өтті. Орталық ғылыми басылымдармен, оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды қамтамасыз етіп, Қазақстан- Ресей ынтымақтастығы аясында Қазақстан мен Татарстан студенттерінің жетістіктерін көрсететін, мәдениет және ғылым саласында конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды көздейді.

Абай орталығының ашылуы классикалық және қазіргі қазақ авторлардың сан алуан көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттерін қамтитын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Бұдан басқа, Еуразия ұлттық университеті мен Татарстан Республикасының Ғылым академиясы арасында тәжірибе алмасуды, біліктілікті арттыруды, Орталық Азиядағы ғылым, мәдениет және тарих мәселелерін терең әрі жан-жақты зерделеуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Абай Құнанбаев қазақ ақыны, философы, музыканты, қоғам қайраткері және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Қазан (РФ) қаласындағы Бас консулдығы

Қазанда Абай орталығы ашылды