Отандастар қорының ресми Telegram бот-көмекшісінің ашылғанын хабарлаймыз! 

16 Сәуір 2024

🤖Отандастар қорының ресми Telegram бот-көмекшісінің ашылғанын хабарлаймыз! 

https://t.me/Otandastar_bot

Біздің @Otandastar_Bot -ымыздың көмегімен Сіз төменде көрсетілген қызметтерге қатысты ақпаратты ыңғайлы және жедел түрде ала аласыздар!

🇰🇿Шетелдегі отандастарымызға:
• Шетелге шығуға қатысты маңызды жадынама
• Қажетті құжаттар тізімі
• ҚР Елшіліктерінің байланыстары

🗂️Қандастарға:
• Азаматтық алу процессі
• Елге оралу кезіндегі мемлекеттік қолдау
• Қажетті құжаттар мен жиі қойылатын сұрақтар
• Қандастарды қолдау орталығы байланыстары

📚Оған қоса, жыл сайын ұйымдастыратын қазақ тілі курстарына тіркелу

📆Елде және шетелде жоспарланып отырған мәдени іс-шаралар күнтізбесі

🌎Шетелдегі қазақ диаспоралары туралы анықтама мен олардың байланыстары және т.б.

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

Отандастар қорының ресми Telegram бот-көмекшісінің ашылғанын хабарлаймыз!