«Отандастар қоры» мамандары Еуразия ұлттық университетінде білім алып жатқан қандас студенттермен кездесті
                            
                                
                                
                                
	- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Foundation бөлімінің тыңдаушыларына арналған кездесуге "Отандастар қорының" қызметкерлері қатысты. 
 
	-  
 
	- Жиынға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор С. Мақыш, Кәсіби бағдар беру бөлімінің бастығы - Л.Б. Егеубаева, "Отандастар қорының" мамандары Е.Қ. Меңлібай мен Л. Жанарбек және Университеттің факультет декандары қатысты.
 
	-  
 
	- Іс-шарада ҰБТ тапсыру, мамандық таңдауға байланысты ЕҰУ мамандары кеңесін берді. Сонымен қатар Отандастар қорының жобалары баяндалып, қандастардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
 
