Қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады

22 Сәуір 2024

Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиаданың Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды. Өзбекстан құрамасы әйелдер арасында алғаш рет Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Тарихи лицензияны қандас қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (-50 кило) жеңіп алды. 

Балуан қыз белгілі спорт журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында қазақ екенін айтып, руын да айта кеткен.

Қазақ боламын. Руым – Әлім. Өзбекстанда туғанмын. Күреспен шұғылданып келе жатқаныма 10 жыл болды, - дейді Ақтеңге. 

Дереккөз: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/105794/

Қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады