Бүгін «Отандастар» қорының Мәдени, гуманитарлық жобалар департаментіне жазушы Жақсылық Сәмитұлының ұрпақтары жазушының әр жылдары жазылған шығармаларының бір бөлімін сыйға тартты.
Кітаптар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар қорының бастамасымен қолға алынған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанындағы Отандастар оқу залына қойылатын болады.
Жақсылық Сәмитұлы – 1985 жылы «Атамекен» кітабы үшін Қытай Мемлекеттік сыйлығын алған. Қазақстанда жазушының «Сергелдең» кейіннен «Хаөарлы Алтай» трилогиясы, «Атамекен», «Сарыалақаз», «Алтын қазық», «Қытайдағы қазақтар», «Аударма теориясы және практикасы» атты еңбектері жарық көрген.