"Балбырауын" онлайн домбыра байқауы жарияланды

15 Сәуір 2024
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдығына орай «Отандастар Қоры» КеАҚ және Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі бірлесе қазақ диаспора балаларына арналаған онлайн домбыра байқауын жариялайды.
  •  
  • Байқау шарттары:
  • - Qazalem порталына тіркелу.
  • - Байқауға 12-17 жасар шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
  • - Байқауға қатысушы барлық қазақ күйшілерінің туындыларын орындауына болады.
  • - Бейнежазба 1 минуттан кем емес 5 минуттан көп емес болуы қажет
  • - Бейнежазбаың сапасының жақсы болуы, дауыстың анық естілуі және киім үлгісінде қазақша элементтер болуы міндетті.
  • - Бейнежазбамен қоса қатысушының толық аты жөні, байланыс номері, мемлекеті және және жасы туралы қысқаша ақпарат Oqbaiqau@gmail.com эл-поштаға 15 сәуірге дейін жіберілуі тиіс.
  • - Қатысушылардың бейнежазбасы Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
  •  
  • Жеңімпаздарды анықтау:
  • Қазылар алқасы құрамына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің домбырашылары және «Отандастар қорының» қызметкерлері қатысады.
  •  
  • Үздік 5 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі.
  •  
  • ЕСКЕРТУ: Қазақстан азаматтары және "Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

"Балбырауын" онлайн домбыра байқауы жарияланды