“Жас Қазақ” балалар көзімен" атты сурет салу байқауы

Кеше
  • «Жас қазақ – балалар көзімен» сурет байқауы!
  •  
  • «Жас қазақ» жазғы этно лагерін сипатитайтын сурет салу байқауына қатысуға шақырамыз!
  •  
  • Байқау шарттары:
  • - Байқауға 12-17 жасар шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
  • - Қазақстан азаматтары және "Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
  •  
  • Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар:
  • - Байқауға сызылған суреттер, арнайы программалармен салынған суреттер, кез-келген техникамен шыққан туындылар қабылданады
  • - Бір қатысушы бірнеше нұсқа жолдауына болады
  • - Қатысушы байқауға жіберетін жұмысының Отандастар қорының әлеуметтік парақшаларында жариялануына келісім беруі тиіс
  • - Шығармашылық жұмыстар fund.otandastar@gmail.com эл-поштаға 1 мамырға дейін jpeg, jpg, png форматында жолдау қажет жіберілуі тиіс.
  •  
  • Жеңімпаздарды анықтау:
  • - Үздік 5 қатысушыға лагерьге қатысуға жолдама беріледі.
  •  
  • Анықтама: «Жас Қазақ» - шетелдегі этникалық қазақ балаларға арналған жазғы этно лагерь. Бұнда әр елден келген қазақ балалары қазақ тілі, тарихы, қазақы құндылықтарды үйреніп өзара достық орнатады.

“Жас Қазақ” балалар көзімен" атты сурет салу байқауы