Шетелдердегі қазақтармен өзара іс-қимыл және елге оралған қандастарды қолдау мәселелері қоғамның күн тәртібінде өзекті мәселеге айналып, алғаш рет дербес бағытқа бөлінді және жоғары саяси әлеуетке ие болды. Қоғамдық сұранысқа жауап ретінде «Отандастар қоры» ақпараттық-консультациялық қолдау және талдамалық зеттеу бағытындағы жұмыстар жолға қойды.
Бірініш кезекте «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылды. Оның басты мақсаты – елге оралған қандастардың қоғамға интеграциялануы процесін барынша жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жедел еңсеру, туындаған мәселелер бойынша қандастарымызды толық жетекке алу және мәселелердің шешілуін аяғына дейін бақылауда ұстау.
2019 жылы Орталыққа консультациялар алумен байланысты жалпы саны 3 448 өтінім келіп түсті. Кол-орталыққа 1640 өтініш түсті. Олар қамтыған негізгі сұрақтар:
1) ҚР азаматтығын ресімдеу – 541;
2) Қандастарға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары – 478;
3) Қандастың құқықтары мен міндеттері – 161;
4) Тұруға ықтиярхатты ресімдеу және ұзарту – 158;
5) Қандас мәртебесін беру – 117;
6) Репатриацияны қолдау жөніндегі өзге де мәселелер – 185.
Олардың ішінде Кол-орталыққа шет елдерде жүрген және өтініштерді бейімдеу сатысындағы адамдар (985) жүгінген, қалған өтініштер (655) Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түсті.
Облыстарда қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүргізетін «Фронт-офистерге» 1643 қандасымыз жүгінді. Яғни:
1) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша – 171;
2) Қарағанды облысы бойынша – 208;
3) Павлодар облысы бойынша – 1109;
4) Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы бойынша – 155 адам. Олар көтерген негізгі сұрақтар:
- азаматтық алу (307);
- білім алу сұрақтары (218);
- құжаттарды рәсімдеу (268);
- зейнет сұрақтары (104);
- көші-қон сұрақтары (178);
- консулдық сұрақтар (37);
- басқа да сұрақтар (531).
Осыған қоса әлеуметтік мессенджерлер арқылы 165 өтініш (156 WhatsApp хабарламасы, 9 Telegram хабарламасы) келіп түсті.
2019 жылы Орталық қызметін қандастарға кеңінен тарату үшін:
- 205 әкімдіктің (аудандық деңгейдегі және қала) атына Колл-орталықтың қызметі туралы хаттар жолданды.
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Халықты жұмыспен қамту орталықтарында, бейінді ұйымдардың ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ жоғарыда аталған ұйымдардың 17 облыс орталықтарында ақпараттық тақталарында Колл-орталық туралы ақпаратты орналастыру туралы ресми сұраныс-хат жолданды. Нәтижесінде 9 облыстан (Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан) ақпараттың орналастырылғаны жөнінде ресми жауап келді;
- әлемнің 67 еліндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметтеріне тиісті ақпарат жіберіліп, барлығының ресми сайттарында жарияланды;
- Колл-орталық туралы ақпараты бар қатты түптелген форматты А6 флаер түріндегі материалдар әзірленді. Бұл материал Өзбекстан мен Моңғолияда өткен өңірлік бизнес-форум барысында этникалық қазақтар арасынан жергілікті халыққа тарату үшін қолма-қол берілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Колл-орталықтың байланыс нөмірі, оның электрондық поштасының мекен-жайы және әлеуметтік желілердегі аккаунт туралы мәліметтер олардың ресми сайттарында, ақпараттық тақталарда және стендтерде қолжетімді болды.