Абзал Сапарбекұлы: Алыстағы ағайын Қазақстанға ғана керек

05 Сәуір 2024
  • Жаһандық миграция мәселелері әр­түрлі деңгейдегі заңдық реттеу­лер­ге қара­мастан, қазіргі уақытқа дейін ха­лы­қара­лық жиындардың күн тәртібіндегі өзекті трендтердің көшбасында келеді. БҰҰ-ның миг­­рациялық трендтерге қатысты баяндама­сына сәйкес, қазіргі уақытта 300 мил­лионға жуық адам өзінің тарихи ота­нынан жырақта өмір кешуде. Ха­лықаралық саяси-эконо­ми­ка­лық құбылыстар миг­ра­циялық-диаспоралық трендтердің одан әрі үдей түсуіне ықпал етіп отыр. Бұл өз кезе­гін­де әлем елдеріндегі диас­поралардың пай­да болуына және мемлекет­тер­дің шет­елдердегі отандастарына қатысты саясатын қай­тадан қарап, жаңадан жасақ­тау­ға итер­мелейтіні заңдылық. 
  •  
  • Бүгінгі таңда ресми деректерге сәйкес әлем ел­дерінде 3,5 миллион этникалық қа­зақ бар. Алайда түрлі зерттеулер мен сарап­шы­лардың пайымдауын­ша, шетелдердегі қа­зақтардың саны 7 миллионға жуықтауы мүм­кін. Олардың басым бөлігі Өзбек­стан, Қы­тай және Ресей мемлекеттерінде, өздері­нің тарихи-этникалық кеңістігінде ғұмыр ке­шіп жат­қан индигенді, яғни сол елдің байырғы этностық бөлігі ретінде саналады. 
  •  
  • Сондай-ақ қазақ даласындағы тар жол, тай­ғақ кешу, қилы кезеңдер қара­көз­дер­дің елім-айлап жерін тастап, шекара асуға мәж­бүр еткен жайттарды да білеміз. Түрлі қиын­­дықтар кезінде жер ауған қазақтар әрісі Алтайдан Тайванға, берісі Иран, Ауған­стан мен Қытайға орнығып, бір бөлігі Тибет­ке, одан Пәкістан мен Үндістанға көшіп, соңын­да Түр­кия жеріне барып тыныштық тап­ты. Олар­дан тараған келесі буын Еуропа мен Аме­рика құрлықтарына да тарады. Осы­лай­ша, та­рихи факторлар шетелдегі қазақ диас­пора­сының қалыптасуына ықпал етті. 
  •  
  • Ендігі кезекте олардың қазақылықтан ажы­ра­май, өздері азамат болып саналатын ел­дері мен атажұрты Қазақстан арасында ал­­тын көпір ретінде сақталуы бәріміз үшін аса зор міндет. Шеттегі қазақтардың ана ті­лі­­­нен, дәстүрінен айырылып, тарихи ота­ны­нан күннен-күнге алыстай түссе, олардың Қа­­зақ­станға келу әлеуеті жылдан-жылға тө­­мен­дей беретіні де заңдылық.
  •  
  • Осы тұста, «Ерім деген ел болмаса, елім дей­­тін ер қайдан болсын» деген халық да­на­лы­ғы атажұртқа, яғни Қазақстанға, үлкен мо­ральдық жауапкершілік жүктейді. Шетел­дегі қазақтардың атамекенге деген аңсарын арттыру үшін, оларды жоқтаушы тұтас мем­ле­кет бар екенін сезіндіру үшін, олардың эт­­­никалық тұрғыда өзіндік мәдени ареалы бар екенін көрсету үшін оларға қатысты мем­лекеттік мәдени-рухани көмекті аямай көр­сетуіміз керек екені сөзсіз.
  •  
  • Ілкіде аталған мақсат-міндеттерді ме­же­сіне жеткізу һәм шетелдегі отандастарды жан-жақты қолдау, халықтың үдесі мен мем­­лекеттің мүддесін мүлтіксіз орындау мақ­са­тын­да ҚР СІМ-ге қарасты «Отандастар қоры» ком­мерциялық емес акционерлік қо­ғамы (сөз орамына оңтайлы болуы үшін әрі қарай – «Қоғам» деп қысқаша қайырамыз), жүйелі жұмыс атқарып келеді.
  •  
  • «Отандастар қоры» Қоғамының алдына ше­телдегі отандастарды тарихи отаны төңірегінде біріктіру, Қазақстанның өр­кен­деу жолында жұмылдыру мақсаты да қойыл­ған. Сол себепті де Қоғам қызметінің басым бөлігі шетелдегі репатриациялық әлеуетті сақтауға, шеттегі отандастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. 
  •  
  • Қоғам мемлекеттік саяси курсты басшы­лық­қа ала отырып, былтыр шетелдегі этни­ка­лық қазақтардың ана тілі мен ұлттық бі­ре­гейлігін сақтап, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін оларға мәдени-рухани қолдау сипа­тын­дағы шараларды іске асырып, әлемнің әр түп­кіріндегі 200-ге жуық қазақ мәдени орта­лықтарымен байланысты нығайту жұмысын сәтті жалғастырды.
  •  
  • Мәдениет, ана тілін үйрету, салт-дәстүрді жаң­ғырту, атажұртпен жақындастыруға ар­налған сүбелі жобалар сәтті жүзеге асырыл­ды. Оның үстіне, Ел басшылығының жаңа мін­деттеріне сәйкес, Қоғамның таргеттік жұ­мыс аудиториясы кеңеюде: этникалық қазақтармен қатар, бұрынғы отандастар жә­не шетелдегі қазақстандықтар да диас­пора­­лық саясаттың негізгі нысанына ай­налып  отыр.

  • Осы орайда, аталған үш аудиторияны қам­тыған, шетелде өз саласында кәсіби же­тіс­тікке жеткен, аса белсенді отандаста­ры­мыз­д­ың басын қосқан 2023 жылғы мегажоба – Астана қаласында өткен Отандастар фору­мы. Әлемнің 40-қа жуық елінен келген қа­рымды қандастарды қасиетті қара­шаңы­рақта қауыштырған құрылтай қазақ мәдени ұйым­дарының басшылары, бұрынғы отан­дас­тар, экспаттар, жастар – барлығы 200-ден ас­там делегаттар бас қосқан Арқадағы ал­қалы жиын қатысушыларға ерекше әсер сый­лап, көкейтесті мәселелері мен түйткілді тұс­тарын сөз етіп, шетелдегі қазақтардың жай-жапсары мен келелі келешегі талқы­лан­ған, емен-жарқын жүздесу болды. 

  • Форум аста-төк той мен көпірме сөз­дің емес, орамды ойлар мен ұтқыр идея­­лар оздырылған, шетелдегі отандас­тар­дың интеллектуалдық күш-қуаты, шетелдегі қазақ тілі мен қазақ ақпарат құралдарының жағ­­дайы, креативті экономикадағы қазақ­тар, шет­елдегі отандастардың бизнес әлеуеті, қан­дастардың ел дамуындағы үлесі қазақ­стан­­дық экономиканың драйвері сынды 7 түр­лі сессиялық отырыста татымды тақы­рып­тар талқыға түскен ашық алаң қызметін ат­­қара білді. Атамекенге арнайы ат терлетіп алыстан келген ақжарма ағайынның туған жер­­ге табаны тиіп, отаншыл сезімі үдей тү­сіп, ұлт­тық рухы асқақтағанын бұқаралық ақ­­п­арат көздеріне берген жүрекжарды сұх­бат­­тарынан көруге болады.  

  • «Отандастар» деген салмақты сөздің ар­тын­да «біртұтастық» деген ғаламат ғақлия, тура түсінік бар. Әлемге тарыдай шашылған этни­калық қазақтар, бұрын қазақстандық бол­ған, қазіргі уақытта тарихи отанына қо­ныс аударған бұрынғы отандастар және әр­түрлі себептермен шетелде еңбек етіп жатқан қа­зақстандықтар – бір қолдың бес сау­сағын­дай жұп-жұмыр бір қауым, отандас, мекен­дес, елімізге тілеулес жандар.

  •  
  • Кіші құрылтай – шеттегі қазақтың бас қосар алаңы
  •  

  • Шетелдегі қазақтардың бірлігін көр­се­тетін айрықша институт – кіші құрылтай. Мысалы, соңғы рет Ресейде осы­дан жиырма жыл бұрын 1998 жылы, ал Моң­ғолияда 2010 жылы өткен қазақтардың кез­десулері 2023 жылы «Отандастар қоры» Қо­ғамының бастамасымен қайта жанданды де­сек, артық айтылған сөз емес. Осы орайда, өт­кен жылдың 9-11 мамыр аралығында Ре­сей­дің Мәскеу қаласында Ресей қазақ­та­ры­ның, 4-8 шілде аралығында Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында моңғол қазақ­та­ры­ның құрылтайлары ұйымдастырылып, екі­жақты мәдени дипломатиялық ынты­мақ­тас­тық дами түсті.

  • Ал жыл сайын өткізілетін Еуропа қазақ­та­рының құрылтайларын қарабайыр бас­қосу емес ұлттық мазмұн мен іскерлік са­рын­ға толы жаңаша бағытта басқосу фор­ма­тында өткізу мүмкін болды. 2023 жылдың 26-28 мамыр аралығында Германияның Кельн қаласында өткен Еуропа қазақтары­ның кіші құрылтайымен қатар, еуропалық уни­верситеттерде білім алып жатқан 50-ге жуық қазақ диаспорасы жастарының кез­десуі де ұйымдастырылды.

  • Еуропаның 15 елінен 30-ға жуық қазақ ұйымының жетекшілері мен белсенділері қа­тысқан құрылтайға алғаш рет бұрынғы отан­дастар мен сол жақта еңбек мигранты ре­тінде ғұмыр кешіп жатқан жаңа қазақ­стан­дық диаспора өкілдері шақырылды. Бұл – қазақ халқының ел ішінде де, сыртында да адамсүйгіш бауырмалдығы мен татулықты ту еткен бірлігінің нақ көрінісі. 
  •  
  • Қазақтың әсем әні мен күйіне шөліркеген шет­тегі қазақтарға арнап, қазақстандық мә­дениет ошақтарымен бірге ұлт-аспаптар ор­кестрі мен заманалы өнер жұлдыздарының қа­тысуымен Германия, Ресей, Моңғолия жә­не Өзбекстан елдерінде ұзын саны 8 кон­церт­тік бағдарлама мен ұлттық өнер кештері ұйымдастырылды. 

  • Рухани тұрғыда шетелдегі қазақтар «қа­зақ» ретінде Қазақстанға ғана керек. Олар­дың қазақылығының жоғалып бара жатқаны ащы ақиқат. Олар біздің қолдауымызға мұқ­таж. Атажұртына арқа сүйеп, көмек кү­теді. Олардың біраз бөлігі тұрғылықты елінен көшпей, бірақ тарихи атамекенінен қол үзбей өмір сүргісі келеді. Елде жүрген қа­­зақ­тар күнде көре алатын концертті олар жыл­­дап күтеді. Алыстағы Англия мен Алма­ния­да емес, Қазақстанмен іргелес РФ Алтай Республикасының Қосағаш ауданында соңғы 30 жылда ешқандай қазақстандық өнерпаз­дар­дың кешенді концерті берілмепті. Был­тыр «Отандастар қоры» Қоғамының ұйым­дас­тыруы­мен Тәттімбет атындағы академия­лық қа­зақ халық аспаптары оркестрі сол жақта кон­церт қойып, халықтың ұлттық рухын кө­терді. 

  • Сондықтан шетелде концерттер мен кез­десулер, құрылтайлар ұйымдастыру және та­ғы басқа мәдени-гуманитарлық іс-шара­лар­ды іске асыру мәселесіне байыппен, стра­те­­­гиялық көзқараспен қарай алсақ, ХХІ ға­сыр­да жаңа күшке ие мәдени ықпалдың, ру­ха­ни көмектің маңыздылығына тереңірек бой­лар едік. Себебі бұл – сайып келгенде нео­­ли­бералдық саяси ағымның көрнекті өкі­лі, белгілі саясаттанушы, Гарвард универ­си­тетінің профессоры Д.Найдың «жұмсақ күш» концептісін ұлттық мүдде тұрғысынан қол­дануда, әсіресе, қазіргі уақытта әлемдік «жұм­сақ күш» деңгейі рейтингінде 80-орында тұр­ған Қазақстанның мәдени ықпалын арт­тыру­ға сеп болатын қозғаушы күш. 
  •  
  • 2023 жылы қияндағы қара көздер қазақы қал­пынан ажырамай, тарихи тірегіне, ұлттық тамырына етене өссін деген ниетпен 6 елде (Қыр­ғыз Республикасы, Моңғолия, Өзбек­стан, Ресей, Түркия, АҚШ) 18 «Ұлттық өнер» үйір­мелері (8 домбыра, 1 ән айту, 3 ұлттық би, 1 қазақша күрес, 4 тоғызқұмалақ, 1 қолө­нер) тұңғыш рет жүзеге асырылды. Жалпы, атал­ған курстарға 200-ге жуық оқушы қатыс­ты.

  • Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар ода­ғы­мен бірлесе шетелдегі қазақ қаламгерлерінің елеу­лі еңбектерін елге таныстырып, әдеби мұ­ра­мызды байытуды көздейтін қанат қақ­ты жоба – «Ұлы дала» кітап сериясы аясында шет­ел­дегі қаламы ұшты қаламгерлердің 9 та­рихи-танымдық еңбегі жарық көрді. Сон­дай-ақ «Әр қазаққа – бір кітап!» акциясы ая­­­сында 4 мыңға жуық кітап жинақталып, 3 мың­нан астам кітап шетелдегі қазақтар ара­сындағы өз оқырманына жол тартты.  
  •  
  • Дәстүрлі қоржын
  •  
  • «Қоржын түбінде сақтаған сыбаға» деген сөз қалған ежелден. Атадан мирас болған, мән­ді де сәнді салтты сақтап, дәстүрді дәріп­те­мек мақсатта «Отандастар қоры» Қоғамы бір­аз жылдан бері «Дәстүрлі Қоржын» жо­ба­сын іске асырып келеді. Атап айтқанда, әлем елдеріндегі қазақ мәдени орталықтарына Қазақстанның мемлекеттік Туы, ұлттық киім мен бұйымдар, домбыра сынды ұлттық ас­пап­тар мен кітаптардан тұратын құрақ сый­лық сыйға тартылды. Мысалы, был­тыр­дың өзінде 20-дан астам мәдени орталыққа 100-ге жуық домбыра, қазақы нақыштағы киімдер және ұлттық бұйымдар тарту етілді. 

  • Халықаралық байланыстарды дамыту бағытында «Отандастар қоры» Ре­сей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан ел­дерінің диаспоралық ұйымдарымен әріп­тес­тік орнатқан. Астанада өткен Түркі мем­лекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық X саммитінде Президент Қ.Тоқаев «...Біз баба­лар өсиетін орындап, түркі елдерінің ын­ты­ма­ғын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негіз­дел­ген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа та­быс­тау. ...Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ор­тақ міндет» деген болатын. Осы орайда, «Отан­дастар қоры» Қоғамы ТМҰ аясында ұйым­ға мүше мемлекеттермен диаспоралық саясат бағытындағы екіжақты және ха­лық­аралық байланыстарды дамыта түсуге аса мән беріп отыр.

  • Сондай-ақ соңғы уақыттарда тың қар­қын­мен дамып жатқан қытай-қазақ қаты­на­сы Қытайдағы қазақтармен мәдени бай­ла­нысты дамытуға жол ашуда. Мысалы, өт­кен жылы күзде елімізге ресми іссапармен кел­ген  ҚХР Ұлттар ісі жөніндегі мемлекеттік ко­митетінің төрағасы Пань Юэ мырзамен екі­жақты кездесу өткеннің нәтижесінде, мә­дени-гуманитарлық қатынастарды жаңа дең­гейге шығаруға мүмкіндік туып отыр. Қы­тай тарабы «Отандастар қоры» Қоғамы­мен өзара ынтымақтастық орнатуға мүдде­лі­лік танытты. 
  •  
  • Тіл – ұлттың жаны, рухы һәм ұйыт­қы­сы. Шетел қазақтары, әсіресе, жас буын арасында ана тілін білу деңгейі мәз емес. Егер мемлекеттік қолдау негізінде за­ма­науи технологияларды пайдалана оты­рып, жаңаша шешімдер қабылданса, қазіргі дең­гейінде сақтап қалуға болар. «Отандастар қоры» Қоғамы өзінің қаржылық және ин­тел­­лектуалды мүмкіндіктері шеңберінде жыл сайын онлайн және офлайн қазақ тілі курс­тарын өткізеді. Былтырғы жылы 34 ел­ден 1 200-ден астам адам курсқа тіркеліп, жыл соңына дейін белсенді қатысқан әрі тест тапсырмаларынан сәтті өткен 400-ге жуық қатысушы сертификатқа ие болды.  
  •  
  • Атажұртқа келіп, кірпіш болып қала­натын нағыз алапат күш-қуат – жастарда
  •  
  • Алаш зиялысы, мемлекет қайраткері Ілияс Жансүгіровтің «Жас мұраты – білім мен тәлім талабы, Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы» деген салиқалы сөзі бар-тын. «Отан­дастар қоры» Қоғамының қызметіндегі бас­ты фокустың бірі шетелдегі қазақ жас­та­ры­на бағытталған. Жастар – келешектің ке­­­пілі. Барлық мәдени мұра соларға қалады, оның табиғи жалғаушысы да солар. Ата­жұр­ты­на келіп кірпіш болып қаланатын нағыз ала­пат күш-қуат та – солар. Бұл жұмыс екі ба­ғытта жүргізіледі: бірі – шетелдегі қандас ба­лаларды жыл бойы шығармашылыққа бау­лу, екіншісі – мектеп бітірген талап­кер­лер­ді Қазақстанда тегін жоғары білім алуға үндеу. 
  •  
  • Жыл бойы Қазақстан тарихы, көркем әдебиет, мәнерлеп оқу, ән айту, үз­дік бейнекескіндер, жас мобилограф жарысы сын­ды 14 түрлі өнер сайысы өткізіліп, оған 1 000-нан астам шетелдегі жас қандас қа­тыс­ты. Жеңімпаз атанған оқушылар Қазақстанда жыл­да өтетін «Жас Қазақ» жазғы этно-лаге­рі­не тікелей жолдама алды және бағалы сый­лықтармен марапатталды. 

  • Лагерьде 200-ге жуық қандас жастарымыз де­малып қана қоймай, ел тарихы мен мә­де­ниеті, салт-дәстүрімен әсем табиғат ая­сын­да тыныстайды. Қазақстанның қандай ел еке­нін, оның астанасы мен кең-байтақ даласын сезініп, өзінің осы дала мәдениетінің бір бөл­шегі екенін сезеді. Мүмкін, бұл болашақта олар­дың елге келіп қызмет етіп, қоныс ау­даруына септігін тигізер. Ең құрығанда шет­елде қызмет ете жүріп, ата-бабасының кіндік қа­ны тамған атамекеніне болысып, бір бүй­регі бұрып тұратын жанашыр жастар шо­ғырының қалыптасуына сеп болады. 

  • Шетелдегі этникалық қазақтардың ба­сым бөлігін жас буын құрайды. Мысалы, жыл сайын Өзбекстанда кем дегенде 20 мыңнан, Моң­ғолияда 2,5 мыңнан астам қандас бала­лар мектеп бітіреді. Алайда олардың 1,5 мың­дайы ғана Қазақстанға оқуға келеді. Сол себепті шетелдегі қазақ жастарын елге тарту­дың тиімді бір құралы – мемлекет тарапынан білім гранттарына қолжетімділікті арттыру және шетелдерде Қазақстанда білім алу мүм­кін­діктері туралы кеңінен насихаттау. Әр оқу жылында Үкімет тарапынан тегін жо­ғары білім алуға арналған 4 пайыздық квота, шет­елдегі этникалық қазақтар мен шетел­дік­терге арналған «Стипендиялық бағдарла­ма» және дайындық курстарына арнайы білім гранттары беріледі.   
  •  
  • Алайда 4 пайыздық мемлекеттік кво­та­ны игерудің көлемі 30 пайыздан аспай отыр. Себебі 11-12 жыл шетелдік орта білім бағдар­ла­­­масымен білім алған талапкерлерге, қазақ­стандық білім стандартын тез игеріп алу, ҰБТ тапсыру аса қиынға соғады. Яғни, мемлекет­тік қолдау шарасы бар – ал оны алу мүмкін­дігі төмен. «Отандастар қоры» жанындағы Қо­­ғамдық комиссия отырыстарында және жа­нашыр депутаттардың арқасында Пар­ламент қабырғасында бірнеше рет қан­дас­тарды ЖОО-ға қабылдау механизмін өзгерту қа­жеттілігі туралы айтылған ұсыныстар мен мем­лекеттік органдарға  жіберілген ұсыным-хат­тар нәтижесінде бұл мәселенің тоңы жі­біп, сең қозғалды. Қазіргі уақытта Ғылым жә­не жоғары білім министрлігінде шетелден оқуға келетін этникалық қазақтарды ҰБТ-сыз қабылдау жөнінде талқылау жүргізілуде. «Отандастар қоры» Қоғамының да басты ұсы­нысы – ҰБТ-ның орнына әлемдік тәжі­ри­беде қалыптасқандай және елімізде үлгісі бар шетелдіктерге арналған «Стипендиялық бағ­дарлама» талаптарындағыдай, мектеп тү­легінің оқу үлгерімі мен қоғамдық жұмыс­тағы жетістіктері, оқуға деген ынтасы жа­зыл­­ған мотивациялық хат және сұхбаттасу ар­қылы оқуға қабылдау принципін енгізу. 
  •  
  • Қазақстан Республикасы әлемдегі тұрақ­ты түрде репатриациялық саясатпен айна­лы­сатын санаулы елдердің бірі. Әрине, қа­зір­гі уақытта келелі жұмыстармен қатар, кем­шіл тұстар да бар екенін мойындау керек. Бір­ақ «Көш жүре түзеледі» деген сеніммен өмір сүретін халықпыз ғой. Қазақстанның адам ресурстары тапшы, демографиялық мә­селелері бар аймақтарға қоныс аударған қан­дастарға мемлекет тарапынан көрсе­ті­ле­­тін көмек деңгейі мардымды, болашақта да оның көлемі кеңейетіні түсінікті. Де­ген­мен де өз еркімен және өз қаражатына елге кө­­шіп келемін деген ағайынға да таңдау ер­кіндігі берілсе, ол үшін заңға арнайы түзе­ту­лер енгізілсе, қазақ көшіне үлкен серпін бол­ар еді.

  • Осы орайда, Қазақстанға қоныс аударған қан­дастарға ақпараттық-консультациялық қол­дау көрсету мақсатында «Отандастар қо­ры» Қоғамы жанынан құрылған «Қан­дас­тар­ды ақпараттық қолдау» орталығы  2023 жылы өз жұмысын нәтижелі ұйымдастырды деп бағамдай аламыз. Аталмыш орталық 2023 жылы бэк-офис, облыс орталықтарында ашыл­ған фронт-офис, байланыс орталығы мен мессенджерлер арқылы шетелдегі және елге қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қызметі аясында 4 500-ге жуық өтініш-сұрақты өңдеді. 
  •  
  • «Ата жолы» картасы мүмкіндігін «қандас» мәртебесімен теңестіру қажет
  •  
  • Сонымен қатар Қазақстан Үкімет тара­пы­нан шетелдегі этникалық қазақ­тар­ды елге оралту бойынша іске асырылған ау­қымды жобаның бірі – «Ата жолы» кар­та­сы. Халықаралық тәжірибені ескере отырып жа­салған аталмыш карта бизнеске икемді не­месе Қазақстанның еңбек нарығына аса қа­жетті мамандықтар сұранысына сай ке­ле­тін қандастарға елде 10 жыл тұрып, қыз­мет етуге зор мүмкіндік береді.  

  • «Ата жолы» картасы бойынша «Қан­дас­тар­ды ақпараттық қолдау» орталығына ха­бар­ласқан 200-ден астам қандасқа тиісті тү­­­сіндіру жұмыстары жүргізіліп, 60 адамның құ­жаты жинақталып, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігіне жолданды. Нә­тижесінде, 50 қандасымыз «Ата жолы» кар­­­­тасының иегері атанды. 
  •  
  • Осы тұста да, «Ата жолы» картасына қа­тыс­ты кейбір түйткілді мәселелер бар. Әсіре­се, картаны алуға қажетті қазақ екенін дә­лел­деу мәселесі, көрсетілген мамандықтар тіз­бесінің шектеулігі, елде тұрақты тұруға не­месе бизнес ашуға қосымша виза немесе ық­тияр хат алу сынды жанама мәселелер кар­таның тамаша мүмкіндіктеріне көлеңке түсіруде. Сондықтан «Ата жолы» картасы ие­герлерінің уәде етілген құқықтарына ие болу үшін оны қандас мәртебесіне теңестіру қажеттігін атап өткен жөн.

  • «Отандастар қоры» ұйымы қазақстандық диас­поралық саясатты біріздендіру бағы­тын­да Шетелдегі этникалық қазақтар мен отан­дастарды қолдау жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын мемлекеттік органдармен бірлесе дайындап шықты. Сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйы­мымен бірлесе «Шетелдегі отандастармен өза­ра әрекеттестіктің Коммуникативтік стра­­­тегиясы» жасалды.
  •  
  • Түркістанда өткен екінші Ұлттық құрыл­тайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы «...Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қа­рым-қатынас орнатып, рухани байланысты ны­ғайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке на­зарымда» – деген болатын. Осы орайда, шет­елдегі белді де беделді, белгілі қазақтар Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен, екі отандасымыз «Достық» ордені, 6 қандас «Шапағат» медалімен, шетелдегі қазақ ұйым бас­шылары мен белсенділері қатарынан 29 тұл­ға, «Шетелдегі қазақтілді БАҚ» ассо­циа­циясының 7 өкілі Қазақстан Республикасы Прези­денті Қ.Тоқаевтың алғысхаты және төс­белгілермен марапатталды.
  •  
  • Сабыр Адайдың «Әр қазақ – менің жал­ғызым» деген тәмсілін бәріміз тілге тиек ете жөнелеміз. Ал сөздің тура мағынасында шет­елдегі әр қазақтың мұң-мұқтажын тың­дап, оларды жинақтап, ғылыми-сарапта­ма­лық жұмыстар жүргізіп, шешу жолдарын қ­арастыру – бұқараға жариялана бермейтін күн­делікті күйбең қара жұмыс. 
  •  
  • 2024  жылы негізгі жобаларды жалғас­тыру­мен қатар, Америка құрлығындағы тұң­ғыш қазақ құрылтайы, Қытай, Еуропа мен Ресей қазақтарының басқосуларын, Өз­бек­стандағы Қазақ ұлттық мәдени орталы­ғы­мен бірлесе Әйтеке бидің 380 жылдық ме­рей­тойын өткізу және тағы басқа келелі іс­терді еңсеру жоспары тұр. Биыл елімізді тұң­ғыш рет шетелдегі  жас отандастарға ар­нал­ған «Жас­тар форумы» және шетелдегі этни­калық қазақтар мен бұрынғы отандас­тар арасынан шыққан кәсіпкерлердің басын қо­сатын «Отандастар Бизнес Форумы» өткі­зі­леді.
  •  
  • «Қиырда қалған қазақтың көзін мөл­дірет­пей», оларға үздіксіз қолдау көрсету – «Отандастар қоры» Қоғамының мәңгілік мұра­ты, мүдделі мемлекеттік органдардың мін­деті, мемлекетім деген кез келген қазақ баласының, Қазақстан азаматының мақсаты болуы керек» деген жасампаз үндеуге үн қосуға шақырамыз. 
  •  
  • Мақала "Túrkistan" газетінде жарияланды. Сілтеме: https://turkystan.kz/article/241765-abzal-saparbek-ly-alysta-y-a-ayyn-aza-stan-a-ana-kerek
  •  
  • Жазып алған 
    Бейбіт Тоқтарбай
Абзал Сапарбекұлы: Алыстағы ағайын Қазақстанға ғана керек