«Жас талант» байқауына қатысып, жазғы лагерге жолдама жеңіп алыңыз!
                            
                                
                                
                                                                        
                                                                     
                                 
	- Таланттарды іздейміз! 
 
	- Отандастар қорының «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне жолдама жеңіп алғың келсе байқауға қатысып, бағыңды сына.
 
	-  
 
	- Байқау жеңімпаздары 3 категория бойынша анықталады:
 
	-  – Дәстүрлі ән
 
	- – Ұлттық аспаптар
 
	- – Мәнерлеп оқу
 
	-  
 
	- Байқауға тіркелу:
 
	- – Qazalem порталына тіркелу (сілтеме: https://qazalem.kz/kk)
 
	-  
 
	- Байқау шарттары:
 
	- – Байқауға 12-17 жасар шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
 
	- – Бейнежазба 1 минуттан кем емес және 3 минуттан көп емес болуы қажет. 
 
	- – Бейнежазба сапасының жақсы болуы, дауыстың анық естілуі және киім үлгісінде қазақша элементтер болуы міндетті.
 
	- – Қатысушы тек жалғыз өнер көрсете алады. Топпен қатысуға болмайды.
 
	- – Бейнежазбамен қоса қатысушының толық аты жөні, байланыс номері, мемлекеті және және жасы туралы қысқаша ақпарат 12 сәуір 2024 жылға дейін fund.otandastar@gmail.com эл-поштаға жіберілуі тиіс.
 
	- – Қатысушылардың бейнежазбасы Отандастар қорының Facebook парақшасында жарияланады.
 
	-  
 
	- Жеңімпаздарды анықтау:
 
	- – Көрермен көзайымы номинациясы: Ең көп лайк, комментария және бөлісуге ие болған қатысушылар
 
	- – Қазылар алқасының таңдауы
 
	-  
 
	- Қазылар алқасының құрамына «Алаш Моңғолия» ұйымы және «Отандастар қорының» қызметкерлері қатысады.
 
	-  
 
	- Үздік 10 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі.
 
	-  
 
	- ЕСКЕРТУ: Қазақстан азаматтары және “Отандастар Қоры” КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
 
	-  
 
	- #Otandastar #Qandastar #Qazaqtar