2024 жылғы 9 наурызда «Арсенал» ойын сауық орталығында «Сенімен Болашақ» РҚБ ұйымдастырған «TATULYQ FEST» фестивалі өтті. Бұл бірегей іс-шара 300-ден астам ата-ананы жинап, отбасы институтының маңыздылығына, отбасылық қатынастарға және отбасылық құндылықтарға назар аударуды мақсат етті.
Фестивальге «Отандастар қоры» өкілдері қатысып, Қоғамның қызметі мен жобалары туралы ақпарат берді.
Жетекші мамандар қызықты және мазмұнды баяндамалар жасады, өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті, қатысушыларға осы салалардағы түсініктері мен дағдыларын жақсартуға көмектесті. Фестивальдің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеде келушілерге осы ұйымдардың қызметімен танысуға, әлеуметтік мәселелерде кеңес пен қолдау алуға мүмкіндік берілді.
«TATULYQ» FEST отбасыларға бірге уақыт өткізуге және кейде күнделікті қарбаласта назардан тыс қалатын мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Фестиваль қатысушылары құнды білім мен дағдыларға ие болды, сонымен қатар отбасылық қарым-қатынастарын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге шабыт алды.