Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Науаи облысында іс-сапарда жүр
26 Ақпан, 2024
2024 жылдың 25-27 ақпанында Өзбекстан республикасы Науаи облысында іс сапармен келген Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Бәкірұлы Науаи қаласында Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Науаи облыстық бөлімінде болып, орталық белсенділерімен кездесті.
Кейін Нұрата ауданында орналасқан қазақтың бір туар тұлғасы, Кіші жүздің биі, қоғам қайраткері "Сейітқұл әулие - Әйтеке би" кесенесін зиярат етті. Киелі өлкедегі "Чачма" мемориалды кешеніне зиярат еткен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілік өкілдері мұндағы жасампаздық істерінің куәсі болды.
Нұрата ауданына жақын Кенимех ауданындағы қазақ тілінде білім беретін №14 орта мектепте болды. 1966 жылы іргетасы қаланған мектеп ұжымындағы білім беру ісімен танысқан Елші аудан әкімі Руслан Рузиевпен сұхбаттасты.
Науаи облыстық қазақ ұлттық мәдени орталығының жетекшілері мен белсенділері, мектеп қауымы мен ауыл ақсақалдарымен қос елдің бейбітшілігі, халықтар достығы мен бауырмалдық туралы әңгіме өрбіді.
Қонақтар орталық пен мектеп қауымына көркем кітаптар сыйға тартты.
Айта кететін жәйт, Кенимех ауданында 36 мектеп болса, соның 28 қазақ тілінде оқушыларға білім береді. Соңғы рет Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі З.Тұрысбеков 2007 жылы Кенимех ауданы қазақ мектептерінде болған.
Отандастар қорының әлеуметтік желідегі парақшалары