-->
Kazakh Invest

Kazakh Invest

АҚ «Ұлттық компания «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №806 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді.