«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) ҚР Үкіметінің 100 пайыздық қатысуымен құрылған. Концепция шетелдегі және Қазақстан Республикасына қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын ескере отырып әзірленді.
Мақсаты
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты - шетелдегі қазақтармен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту негізінде олардың ұлттық бірегейлігін сақтау және елімізге оралған қандастарымызға ақпараттық қолдау көрсету.
Міндеттері
- Шетелдердегі этникалық қазақтармен және отандастармен байланыс орнату;
- Шетелдегі қазақтардың ұлттық болмысын, ана тілін сақтауына бағытталған жобаларды іске асыру;
- Қазақстанға оралған этникалық қазақтардың жаңа ортаға бейімделуі мен кірігуіне ақпараттық қолдау көрсету;
- Көші-қон және диаспора мәселесімен айналысатын отандық және халықаралық ұйымдармен серіктестік байланыс орнату, тәжірибе алмасу;
Қызметі
• Отандастарымыздың, қазақстандық және шетелдік, үкіметтік және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, ресми тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен құрылтайлар, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, брифингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру;
• Ерікті негізде жеке және заңды тұлғалар, халықаралық және шетелдік ұйымдар ұсынған мемлекеттік емес қаржыға отандастардың білім гранттарын иеленуі мен жобаларын іске асыруына жәрдемдесу;
• Қазақ диаспорасы бойынша зерттеу және ғылыми жұмыстар жүргізуге қолдау көрсету;
• Шетелдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарын, қазақ мектептерін әдебиетпен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен және заңнамалық тұрғыда тыйым салынбаған өзге де әдебиетпен қамтамасыз ету;
• қазақ тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын меңгеруге жәрдемдесу, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде мәдени және өзге де шаралардың өткізілуіне қолдау көрсету;
• Қоғамның сыйақылары мен марапаттарын тағайындау және беру, отандастарға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, отандастардың меценаттық ниеттерін қолдау;
• Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік орнату, сонымен бірге Қазақстанға келген этникалық қазақтарды қолдау, бейімделуі мен кірігуіне ақпараттық қолдау көрсету;
• Қоғам қызметі аясында жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
• Қоғам мақсаттарына сәйкес келетін жобаларды қолдау және әзірлеу үшін халықтық қаржыландыру (краудфандинг), демеушілік қаражат тарту.