Электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады

17 Қаңтар 2025

Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электронды сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін республикада заманауи қойма кешендерінің желісі дамып жатқанын атап өтті.

Ол халықаралық серіктестермен бірлесіп жалпы ауданы 85 мың шаршы метрден асатын Алматы, Ақтөбе және Алматы және Түркістан облыстарында мультимодальды қоймалар салу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Инвестиция көлемі шамамен $100 млн-ды құрайды. Бұл инфрақұрылым ішкі нарыққа да, трансшекаралық сауданы дамытуға да негіз болады», — деп атап өтті Әсел Жанасова.

 

Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15050 

Электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады