Италияның Базельга қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында Әлем Кубогының 1-ші кезеңінде Инесса Шумекова алтын медаль иеленді.
Ол нео-сеньеорлар (21 жасқа дейінгі жастар) арасында 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, 39.98 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Одан кейінгі сатыға белгиялық Фрэн Ванхутт (40.17 секунд) жайғасты. Осы бағдарламадағы тағы бір отандасымыз Маргарита Артемьеваға (40.50 секунд) қола жүлде бұйырды. Және де Мария Кузнецова тоғызыншы, ал Алена Лифатова 10-орыннан көрінді.