2023 жылы Skills Enbek платформасында 145 мыңнан астам қазақстандық оқыды

08 Қаңтар, 2024

2023 жылы 145,5 мың азамат, оның ішінде 42 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek (бұдан әрі – Skills Enbek) кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификат алды. Skills Enbek-те барлығы 355 мың қазақстандық тіркелсе, оның 166,5 мыңы – 2023 жылы тіркелді.

Оқудан өткен 42 мың жұмыссыз азаматтың 14,4 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жастары.

Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 294 курс жариялады, оның 234-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Птицеводство. Выращивание бройлеров», «Выращивание лимона в теплицах», «Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы», «Кассир», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении».

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде Skills Enbek-те мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды, сондай-ақ нашар көретін азаматтарды сүйемелдеуді жүзеге асыратын жеке көмекшілер үшін курстар қолжетімді екенін атап өткен жөн. Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқудан өту толығымен тегін. Курстың ұзақтығы – 32 сағат. Курстан өту үшін 5,4 мың адам тіркелді, оның ішінде 4,3 мың адам оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.

Skills Enbek-тегі «Бастау Бизнес» жобасы аясында өз ісін ашуға шешім қабылдаған азаматтарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндігі беріледі. 2023 жылы 100,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттарын алды, оның ішінде 48,5 мыңы (48,4%) жастар.

Сондай-ақ, Skills Enbek-те «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан азаматтар жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды тегін оқи алады. «Күміс жас» бөлімінде 130-дан астам курстар қолжетімді болады, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар, энергетика бағыты.
2023 жылы платформада жобаның 5,4 мыңнан астам қатысушысы тіркелді, оның ішінде 3,9 мың адам оқудан өтіп, сертификат алды.

Skills.enbek.kz-те тіркелу және платформада жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақ бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).

2023 жылы Skills Enbek платформасында 145 мыңнан астам қазақстандық оқыды