Оң жақ рульді жеңіл көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым салды

10 Қаңтар, 2024

Елімізде қауіпсіздік стандарттарын сақтау мақсатында оң рульді автокөліктерді бөлшектелген күйде әкелуге тыйым салынды. 

Қазақстан азаматтары мұндай көлік құралдарын конструкторлар түрінде әкеліп заңнама нормаларын айналып өтіп жүр. Осылайша, ол көліктердің қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолға шығып,  басқаларға қауіп төндіреді. Бұл шектеу осындай заң бұзушылықтардың алдын алуға және жолдағы басқа жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

2007 жылға дейін оң рульді көліктерге рұқсат болатын. Алайда сол жылдан бастап, «Жол жүрісі туралы» ҚРЗ 67 бабына сәйкес ҚР-да ондай автомобильдерді заңдастыруға тыйым салынды.

2023 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша ҚР аумағына бір реттік 200 мыңдық заңдастыру шеңберінде 240 мыңнан астам көлік заңдастырылды, оның ішінде 22 мыңға жуығы конструкторлар, яғни оң рульді көліктер. Бұйрық күшіне енгенге дейін келген машиналар белгіленген заңнама шеңберінде заңдастырылатын болады.

Аталған бұйрық 16 қаңтардан бастап күшіне енеді, тыйым салу шараларын Шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитеттері бірге іске асырмақ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Баспасөз қызметі

Оң жақ рульді жеңіл көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым салды