Астанада халықаралық конференция өтеді

11 Қаңтар, 2024

2024 жылдың 24 қаңтарында сағат 15:00-де ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен ҚР Үкіметінің мүдделерін шетелде таныту және қорғау мәселелеріне арналған халықаралық практикалық онлайн конференция өтеді.

Іс-шара барысында ҚР Үкіметінің мүдделерін шетелде таныту және қорғау үшін консультанттарды іріктеу мәселелері және отандық заң компанияларының тәжірибелері талқыланады.

Сонымен қатар конференцияда келесі тақырыптар қарастырылады: 1. Шетелдік алаңдарда дауларды шешу жөніндегі жұмыс регламенті; 2. Адвокат пен тәуелсіз клиент арасындағы мүдделер қақтығысы; 3. Шетелде тәуелсіз клиенттің құқығының дұрыс қорғалуын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар.

Конференция спикерлері ретінде : Latham & Watkins; White & Case; Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle; Tukulov & Kassilgov Litigation және т.б.жетекші заң фирмаларының серіктестері мен өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысуға + 7 7172 55-87-09 телефон арқылы өтініш беруге болады. Конференцияда баяндама жасаушылардың саны шектеулі.

Астанада халықаралық конференция өтеді