Қазақстандық стартап 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты

24 Қаңтар, 2024

Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының арқасында Tumar Ventures – венчурлық ерте қаржыландыру қоры құрылды, Draper University-мен Кремний алқабында акселерация бағдарламасы жүргізілді. Draper University-дегі екі бағдарламаның қорытындысы бойынша стартаптар Кремний алқабында акселерациядан сәтті өтті, оның ішінде үш стартап: Beyne.ai, Beep және Smartestprep Мy Ventures венчурлық қорынан 30,000 АҚШ долларына инвестиция алды және CoPath стартапы 20 000 АҚШ долларын жинады.

Сондай-ақ, CITIX стартапы Draper Fisher Jurvetson компаниясынан 1 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды.

Жалпы алғанда, Министрлік іске асыратын барлық міндеттер Қазақстан Республикасының технологиялық дамуын нығайтуға толық ықпал ететінін және отандық инновациялық жүйені нығайтуға жәрдемдесетінін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жай-күйі оң сипатта. Мәселен, ағымдағы жылғы статистикалық деректер Қазақстандағы инновацияларды даму саласындағы оң өзгерістер бар екенін дәлелдейді.

Өсім 2022 жылы 11 %-ды (2021 ж. – 10,5 % ) және 2022 жылы
1,9 трлн. теңгені (2021 ж. – 1,4 трлн. теңге) құраған инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі сияқты негізгі көрсеткіштерде байқалады.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен өлшенетін жаһандық инновациялар индексінің (ҒЗИ) халықаралық рейтингінде Қазақстан Республикасы екі орынға көтеріліп, 81 орынды (2022 ж. – 83 орын) иеленді (Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында 3-орынды иеленді). Input (инновациялық орта және инновацияларға инвестициялар) субфакторы бойынша еліміз 68-ші, ал output (инновациялардың пайдалылығы мен тиімділігі) бойынша 87-ші орынға ие болды.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Қазақстандық стартап 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты