Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қытай Халық Республикасының құбырлар мен фитингтер шығаратын «Xinxing Ductile Iron Pipes» мемлекеттік ірі компаниясының Халықаралық жобалар жөніндегі бас директорының орынбасары Гао Джингуо мырзамен кездесу өткізді.
«Xinxing Ductile Iron Pipes» - Қытайдың ірі компанияларының бірі, оның негізгі қызметі құбырлар мен фитингтерді құю, болат пен прокатты балқыту, арнайы болат құбырлар әзірлеу, құю бұйымдарын өндіру болып табылады. Әлемдегі ең ірі құбыр өндіруші зауыт.
«Xinxing» - металл өнімдерінің жылдық көлемі 10 млн тонна, жылдық көлемі 8 млн тонна болат, диаметрі 80-нен 3 000 мм-ге дейінгі 3 млн. тонна құбырлары бар интеграцияланған қайта өңдеу кәсіпорны. Компания өнімдері инженерлік-коммуналдық секторда, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілерінде қолданылады.
Кездесу барысында «Xinхing» өкілі Қазақстан Республикасымен алдағы уақытта ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге ниет білдірді.
Кездесу қорытындысымен, бүгінгі таңда мемлекетте инженерлік желілерді жаңғырту және желілердің жалпы тозуын төмендетудің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Министрлік «Xinxing» компаниясымен тиімді жобаларды іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстарды атқаруға дайын екендігін жеткізді.