Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің жабылуы өтті

28 Маусым, 2024

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстанның мәдениет күндерінің жабылуы аясында екі ел өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, шығармашылық және ғылым саласының зиялы қауым өкілдері, екі елдің қоғам қайраткерлері қатысты.

Мерекелік концертте Қазақстан мен Түрікменстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ республикалық және халықтық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

Шығармашылық ұжымдар танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады.

Естеріңізге сала кетейік, 24-27 маусым аралығында Астанада Түрікменстанның мәдениет күндері өтті. Іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Түрікменстан Республикасы мәдениет қайраткерлерінің көрмелерін, фильмдерін, спектакльдерін, сондай-ақ шығармашылық қойылымдарын тамашалады.

 

gov.kz

Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің жабылуы өтті