Құрметті қандас талапкерлер!
13 шілдеден бастап, мемлекеттік білім грантын алуға құжаттар қабылдау басталды. 13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Су тасқыны болған аймақтардың (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО) талапкерлері үшін құжаттар 13-24 шілде аралығында қабылданады.
Талапкерлер Қазақстанның барлық жоғары оқу орнына құжаттарын онлайн түрде де тапсыра алады. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрған комиссиясының шешімімен анықталады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ үміткерлері, грант иегері болуға құжаттарыңызды тапсыруға асығыңыздар! Нәтижелер республикалық мерзімді басылымдарда және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.