2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік қолдаудың жеті шарасы енгізілді.
Туроператорлар тиісті құжаттарды ұсынып, туристің орналасу орындарында кемінде төрт күн және үш түн тұратынын растап, сондай-ақ туристі е-Qonaq ақпараттық жүйесі арқылы тіркеген жағдайда әрбір шетелдік турист үшін субсидия алады. Субсидия мөлшері әрбір шетелдік турист үшін 15 000 теңгені құрайды.
Субсидия ішкі туризм туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге қосылған кәмелетке толмаған жолаушыға билет құны үшін төленеді. Ел аумағында 18 жасқа дейінгі жолаушының әуе билеті құны 100% өтеледі.
Сатып алынған жабдықтар мен техника құнының 25%-ы өтеледі. Оларға аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары техникасы қоса есептелінеді.
Мотель, қонақ үйлер, кемпингтер, АЖҚС, тамақтану пункттері және басқа да объектілердің құрылыс құнының 10%-ы өтеледі.
Мүгедектер, ер мен әйелдерге арналған унитаздар, раковиналар, желдеткіш, жылу және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған жеке кабиналардың болуын қамтамасыз ету қажет. Субсидиялау мөлшері ай сайын 83 300 теңгені құрайды.
Табиғи объектілерді, көрікті жерлерді, тарихи және әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың 10%-ы өтеледі.
Жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автокөлік құралдары құнының 25% -ы өтеледі.
Бұл шаралар елімізде туризмді дамытуды ынталандыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және шетелдік және жергілікті туристер үшін елдің тартымдылығын арттыруға бағытталған.