Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін, 15:07

Брюссель, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды.

Сенім грамоталарын тапсырудың ресми рәсімінен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Р. Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.

Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды