Electronica Expo Kazakhstan 2025

03 Шілде 2025

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қолдауымен 2025 жылдың 9–11 шілдесі аралығында Астанадағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында Electronica Expo Kazakhstan 2025 өтеді — бұл Орталық Азиядағы электроника, электротехника және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі іс-шара.

Мұнда тұрмыстық және өнеркәсіптік техниканың ең жаңа үлгілері мен заманауи шешімдері ұсынылады — электрондық компоненттер мен модульдерден бастап, интерактивті жүйелер, бейнебақылау және дайын цифрлық шешімдерге дейін ақпаратқа толы секциялар.

Көрмеде 10 елден келген 150-ден астам компания, 35-тен астам спикер және көптеген мастер-класстар күтілуде. Сонымен қатар, бағдарламада: бизнес-конференциялар, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша дөңгелек үстелдер, AI тақырыбындағы панельдік сессиялар, дрон-футбол турнирі, робототехника бойынша жарыстар және тағы басқа іс-шаралар.

Electronica Expo Kazakhstan көрмеcі — электроника саласындағы әзірлеушілерді, өндірушілерді, дистрибьюторларды, түпкі пайдаланушыларды, қызмет көрсетуші ұйымдарды және өнімді ілгерілету мен сатып алумен айналысатын басқа да салалық өкілдерді бір алаңда біріктіретін маңызды іс-шара.

Көрмеге кіру алдын ала тіркеу арқылы тегін

Қосымша ақпарат алу үшін бізге WhatsApp арқылы хабарласыңыз: +905368106898
немесе электрондық поштамызға жазыңыз: info@electronica-expo.com

Electronica Expo Kazakhstan 2025