Туризмге инвестициялар Қазақстанда 27,3% өсті

08 Қаңтар 2025

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

- Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
 - Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
 - Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
 - Атырау облысы – 183%-ға өсті;
 - Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

Туризмге инвестициялар Қазақстанда 27,3% өсті