Нью-Йоркта өткен сән апталығында Гүлзар Ғабдрахман мемлекеттік әнұранды орындады

14 Ақпан 2024

8-13-ақпан күндері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» Халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында Гүлзар Ғабдрахман Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Бұл шараға әлемнің ең танымал, атақты дизайнерлері мен сән әлемінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, АҚШ-та тұрып жатқан кәсіпкер, дизайнер - қазақ қандасымыз Anelya Alim өз сән шығарылымын Нью-Йорктің сәнқой тұрғындарына ұсынды.

Осы үлкен “NYFW-2024” сән көрсетілімінің ұйымдастырушылары Гүлзар Ғабдрахманның орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны мен атақты әлем жұлдызы -Френк Синатра репертуарындағы  «New York, New York» әнін меймандарға ән-тарту лебізін арнайы шақырту жіберуі арқылы жеткізген.

«Азуын айға білеген АҚШ мемлекеті, Нью-Йорк қаласы төрінде қазақтың әнін шырқау және мәдениетін көрсету-мен үшін үлкен мәртебе болғаны сөзсіз» дейді Гүлзар Ғабдрахман.

Нью-Йоркта өткен сән апталығында Гүлзар Ғабдрахман мемлекеттік әнұранды орындады