«Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы және бірінші дәрежелі үйлеструшісі Дамир Нурсулан Өскемен қаласындағы ШҚО бойынша фронт-офистің жұмысымен танысты.
Қор қызметкерлері ШҚО Полиция департаменті Көші қон полициясының, облыстың әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Өскемен бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының, «Достық үйінің» және т.б. мамандарымен кездесу өткізді.
«Фронт-офистің мақстаты – қандастарға құқықтық және ақпараттық кеңес беру, түсіндіру жұмысын жүргізу, көші-қон саласындағы заңнамаларды орындауға ат салысу және қандастарға қол ұшын созу», - деді «Отандастар» қорының ШҚО бойынша фронт-офисінің бас ақпараттық сарапшы Аскерхан Ақтай.
Болат Заутұлы жиналғандарды фронт-офистердің қызметі, көші-қонға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, қандастарды экономкалық тұрғыдан қолдау, «Отандастар» қорының қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар жиында көтерілген «Көші-қон квотасын ала алмай қалғандар қайта қамтыла ма?», «Қандастарға бизнес саласында қандай қолдау бар?», «Шекаралық аумаққа келгендігі үшін өткізу рұқсат парағын алуды білмей қалып, айыппұл төлеп, ықтиярхат алуда қиындық туып отырған ҚХР азаматтары, қандастар не істейді?» деген сауалдарға жауап берді.
Дамир Нурсулан «Отандастар» қоры фронт-офистерін ақпараттық технологиямен жабдықтап, ақпарат алмасу, тікелей желіде хабарласу бағытында жасалып жатқан шаруалар туралы айтты.