«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен «Жұлдыздар Ташкент төрінде» атты мерекелік концерт аясында Өзбекстан Республикасына келген қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов мырзамен кездесті.
📌Бейбіт Бәкірұлы - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Ташкент төріне келген қонақтардың өнерімен танысып, шараның сәтті өтуіне тілек білдірген Бейбіт мырза, Елшілік ғимаратымен таныстырды.
