Жоба “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Онлайн-сынып ашуға қажетті техникалық құрылғылар Саратов қаласындағы “Достар” қазақ қоғамдық ұйымына тапсырылған болатын.
Бүгінде жиырма тоғызыншы онлайн-сынып өз жұмысын бастады. Олар әлемнің 12 елінде 23 қалада орналасқан. Жыл соңына дейін Ресейдің Астрахань облысында 2 бірдей онлайн-сынып ашу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.