"Жас Қазақ" жазғы этно-лагерінің қатысушысы, Моңғолиядан келген Айкерім Ерланқызы Тоғызқұмалақтан Азия Чемпионатында 3-орын иеленіп, Спорт Шеберлігіне Үміткер куәлігін алды.
Атап айтсақ, Айкерім Ерланқызы - “Отaндaстaр қоры” КеАҚ ұйымдастырған "Телехикаялар байқауында" өз білімін дәлелдеп, жолдама жеңіп, 1-14 шілде аралығында Бурабай төрінде өткен "Жас қазақ" жазғы этно-лагеріне қатысқан болатын. 8 мемлекеттен келген оқушылармен бірге лагерь бағдарламасында тоғызқұмалақтан жүргізілген үйірмеге қатысып, екі апта қабілетін шыңдады. Бұл лагерьге Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы да қолдау көрсетіп, мастер класс жүргізді.
Міне, Айкерім еліне қайтып 10 мемлекеттен (Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикалары, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан) 200ден астам спортшы бәсекеге түскен Азия Чемпионатында 3-орын иеленіп,Спорт Шеберлігіне Үміткер куәлігіналды.
Айкерімге алдағы жарыстарына сәттілік серік болсын дейміз. Жеңісті күндерің көп болсын!