«ЖАҢА ӘУЕН» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!

14 Сәуір, 2023

Қазақ әндерін жаңа әуенмен жаңғыртайық! Отандастар қорының «Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелдерде тұратын *12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «ЖАҢА ӘУЕН» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!*

Байқау шарттары:
1. Қатысушылар кез-келген қазақ әннің әуенін қалаған музыкалық аспабында (кавер нұсқада) ойнай алады.
2. Қатысушы өзі жіберген бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.
3. Туынды 1-2 минут аралығында MP4 форматтағы видео болуы шарт.
4. Видеоны түсірер кезде дауыстың анық шығуын, локацияның үйлесімді болуын қадағалауы қажет.
5. Видеоны *oqbilim@gmail.com* эл-почтаға жолдар кезде міндетті түрде аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, телефон номері және таңдаған әні туралы ақпараттарды бейнероликпен бірге жолдауы керек.
6. Жолдайтын өз бейнежазбасын әлеуметтік желіде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQSummerCamp; #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп салу қажет.
Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:
Бейнежазбалар *2023 жылғы 13-28 сәуір* аралығында *oqbilim@gmail.com* электронды почта арқылы қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
- 3 орын 12-15 жас үшін
- 3 орын 16-17 жас үшін

Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама электронды почтамен жолданады. Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп, кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.
 

ЕСКЕРТУ: "Отандастар Қоры" КЕАҚ-тың 2019, 2022жылы ұйымдастырған "Жазғы Лагерь" жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
Сұрақтар үшін: +7 747 178 39 38

«ЖАҢА ӘУЕН» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!