Кездесу барысында екі тарап басып шығарылған кітап пен оның тарихын, табылған карталары талқыға түсті. Әңгіме барысында Абзал Сапарбекұлы туындының тарихына тәнті болып, кітаптың жарық көруімен құттықтады. Осы ретте, ол М.Сыдықназаровқа шығармашылық табыс тілей отырып, тарихи туынды мен карталардың танытылуы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы уағдаласты.
Айта кетейік, Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өткен жылдың қараша айында Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақ мемлекетінің XV-XIX ғасырлардағы табылған 130 сирек карталарымен кітап шығарды. Ғалым өзінің 15 жылға жуық іздестірген еңбегін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырды. Еңбектің тұсаукесері 2021 жылдың 9 желтоқсанында Брюссель қаласында өтті.