Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар Қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Қауымдастықтың мақсаты мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға негізделген.
Өткізіліп жатқан шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен Вице - президенті Скакова Майра қатысты.
Қауымдастық басшысы З.Имашова, шетелге кетіп есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатындығын айтты.