Халықаралық фестивальде Франция елінен Квентин Фогель, Италиядан Анна Серова және еліміздің танымал өнер иелері Пьер Тиллуаның шығармаларын орындады. Бұл кештің ерекшелігі тамыры тереңге жайылған, өзінің үнімен дүниежүзі халқын өзіне баурап алған, қазақ халқының ең көне аспабы қобыз бен ХХ ғасырдың тарихын бейнелейтін скрипка үнінің қосындысы болды.
Түрлі аспаптардың бір уақытта шырқалуы, жаңа туындыны орындауы, көрермендердің көздеріне жас алуына себеп болды.
Кештің соныңда әйгілі композитор қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін зерттеп, қобыз үнінің шыққан жері туралы шығармалар жазамын деп уәде берді.