2022 жылғы 27 мамырда “Отандастар қоры” КеАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы мен Қоғам қызметкерлері және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Мухиттин Шимшек, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Басқарма төрағасы-ректор - Жанар Темірбекова, Басқарма төрағасы-Ректордың орынбасары Женгиз Томар, Бас хатшы - Ахмет Шевки Зенгин, аппарат басшысы - Мустафа Гиритлиоғлы арасында ресми кездесу өтті.
Кездесуде Қоғам басшысы Абзал Сапарбекұлы білім және қазақ тілі бағытындағы жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жайлы сөз қозғады.
Осы орайда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері алдарына қойған жобаларды сонымен қатар екі жақты оқытылып жатқан қосымша курстарды бірлестіру, жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәселелерді талқылады.