“Отандастар Қоры” КеАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы, Анкара қаласында 10 мамырдағы іссапары аясында Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту жөніндегі халықаралық ұйымының (ТҮРІКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.
Кездесу барысында Отандастар Қоры мен ТҮРКСОЙ ұйымы арасындағы байланыс жайы талқыланды. Түркі әлеміне қатысты ортақ жобалар әзірлеу, шеттегі қандастарды өнер бағытында қолдау мәселесі қарастырылды. ТҮРІКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Отандастар Қорының бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жақын арада меморандумға қол қойып, ортақ ісшаралар жоспарын бекітуге уағдаласты.