Қоғам ағымдағы жылдың 23-25 ақпанында ТМД, Еуропа және Америка аумағында тұратын қазақ диаспорасының өкілдерімен онлайн-форматта кездесулер өткізді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты отандастарымыздың Қазақстанмен байланысын нығайту, сондай-ақ қазақ мәдени орталықтарының басшыларын Қордың 2020 жылғы қызметінің қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы хабардар ету болып табылады.
Аталған іс-шара өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды платформа болып табылады, оның негізінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетін болады.
Германияда қазақ мәдениетін, дәстүрлері мен тілін дамыту және қолдау саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу мақсатында Қор мен Қазақстан-Неміс достығы қоғамдастығы арасында Мюнхен қаласында KULTUR UND SPORTVEREIN QAZAN E. V. өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға онлайн-форматта қол қойылды.