Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар Болат, Зерделі ақыл-ой орталығының негізін қалаушы Өжет Мәуіт, "Yokohama" компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі, меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау қатысты.
Қоғам ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты атажұртқа келіп кәсібін дөңгелетіп отырған қандас кәсіпкерлермен кейінгі буын жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру.
Кездесу аясында «Отандастар Қорының бүгіні мен болашағы», «Білім және бизнес», «Қазақстандағы кандастардың мүмкіндіктері» тақырыптары ортаға салынып, спикерлер өз пікірін білдірді.