Теһранда Қазақстан көрмесі басталды

15 Қараша, 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иран астанасы Теһран қаласының Zarna галереясында «Атажұртым – Қазақстан» атты көрме өткізілуде.

Келушілер ұлттық киім, қолөнер бұйымдары, түскиіз бен кілемше, картиналар мен кітаптарды тамашалай алады.  

Іс-шараға Иран медиа өкілдері, өнерпаздары мен Ирандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

6 күнге жоспарланған көрмені Иран Телерадио бірлестігі  әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Гаухар Жұмағазықызы Омарханова ұйымдастырған.

Теһранда Қазақстан көрмесі басталды