«Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасы!

03 Қараша, 2021

Назарларыңызға «Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасын ұсынамыз.

Қандастарды қолдау департаменті:

1)    Елімізге қоныс аударған этникалық қазақтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға ауыртпалықсыз бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында 2019 жылы «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» құрылды.
 
2)    2019 жылдан бастап шетелдегі этникалық қазақтарға және елімізге көшіп келген қандастарға ақпараттық-консультациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін 1404 нөмірі бойынша «Байланыс орталығы» қызмет жасайды.

3)    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қандастарымызға көрсетілетін қызметтерді «Бір терезе» қағидатымен ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жобасы жүзеге асты.

4) Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған «Erulik.kz» (www.erulik.kz) веб-платформа жұмыс істейді.

5)    Шетелден қоныс аударған қандастардың ЖСН алғаннан бастап ҚР азаматтығын рәсімдегенге дейінгі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін 4 бейнероликтер топтамасы түсірілді.

6)    Елімізге қоныс аударған қандастарға көші-қон үрдісінде туындайтын мәселелері бойынша жан-жақты ақпараттық-консультациялық қолдаудың байланыс құралдары туралы арнайы дайындалған ақпараттық баннерлер барлық өңірлерде орналыстырылды.

«Отандастар қоры» қолға алған 30 бастамасы!