Бүгін Қоғам Вице-президенті Мағауия Сарбасов Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстандағы миссияның басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесті.
«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов атажұртқа келген және шетелде тұратын қандастарымыз бен отандастарымыз үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мағауия Қанапияұлы өз сөзінде шетелде тұратын қандастарымыздың Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығына тоқталып, көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті.
Кездесу аясында алдағы жұмыс жоспарының басым бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, «ҚР Үкіметінің шетелдік диаспоралармен өзара іс-қимыл бойынша күш-жігерін қолдау» жобасы жайында өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамытуға және түрлі іс-шараларды бірлесіп өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.