Құрметті отандастар!

13 Қараша, 2019

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19 қарашасында Моңғолияның Ұланбатыр мен Баян-Өлгей қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шара аясында отандастарымызбен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі бауырларымызды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру, оның ішінде:

1.   Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы;

2.   Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету;

3.   2020-2021 оқу жылында қандастарымызды ҚР Жоғарғы оқу орындарына қабылдау;

4.   «Qazaq eli» жас отандастар клубы және «Qazaq klasy» жобасының таныстырылымы ТАЛҚЫЛАНАДЫ.

 

Іс-шараға:

«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов;

«Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің басқарушы директоры Ғазиз Тастаев;

 «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Қарлығаш Хожамұрат ҚАТЫСАДЫ.

 

Мекен-жайы:

1)  Ұланбатыр қаласы, Ғылым және технология университетінің конференц залы. 18 қараша, сағат 15:00

2)  Баян-Өлгей қаласы, Қобда университеті филиалының конференц залы. 19 қараша, сағат 16:00

 

Монғолиядағы белсенді қандастарымызды осынау келелі істің қасынан табылуға шақырамыз!

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 981404, +7 701 0001404 (Whatsapp) нөмірлері бойынша немесе komek@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Құрметті отандастар!