ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛДЫ

09 Қыркүйек, 2021


2021 жылы 9 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстан еліндегі қандастарымыз атажұртқа табан тіреді.

Игілікті іс-шараны Сыртқы істер министрлігі, ҚР-ның Кабулдағы елшілігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды. «Әр қазақ менің жалғызым» дегендей қандастардың елге келуіне барлық азаматтар қолдау білдірді.

«Өздеріңіз білетіндей «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы 1200-ге жуық Ауғанстанда тұратын қандастарымыздың тізімін жасады. Аталған тізімге, бұрынғы ауған елінен көшіп келген және сол жақта тұратын қандастар мен Байланыс орталығына хабарласқан азаматтар енді. Тізім  Сыртқы істер министрлігінде жинақталып, одан әрі Кабул қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне жіберілді. Туындаған күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында Елшілікте арнайы комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 35 қандасымыздың қазақ екені дәлелденіп, комиссиядан құжаттары реттеліп, тарихи отанына аман-есен жетіп отыр. Қандастарымызды Алматы әуежайынан Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ қызметкерлері күтіп алды», - дейді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛДЫ