ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН 30 КYН ӨТПЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТА КІРЕ АЛМАЙДЫ

28 Шілде, 2021

2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан үкіметі жанындағы коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жаңадан карантиндік шектеулер кезеңінде шекараны кесіп өтудің тәртібін бекіткен болатын.

Енгізілген тәртіптер негізінде Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер үшін шекараны кесіп өту жиілігі 90 тәуліктен 30 тәулікке дейін қысқартылды. Күндерді санау шетелдік Қазақстан Республикасынан шыққан кезден басталады.

Яғни, заң талаптарына сәйкес шетел азаматтары Қазақстан шекарасынан шыққаннан кейін 30 кyн өтпей Қазақстанға қайта кіре алмайды. Сондықтан, шетел азаматтары болып табылатын қандастарымызға шекарадан шығу және кіру мерзімдерін жоспарлап алуына кеңес береміз.

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН 30 КYН ӨТПЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТА КІРЕ АЛМАЙДЫ